ruenkz

Қазақстандықтар бара алатын басқа елдердің талаптары айтылды

Салынған уақыты 29.09.2020 09:21

Қазақстандықтар әзірге 11 елге ұшып бара алады, олардың кейбірінде әлі күнге дейін шетелдік қонақтарды қабылдауға қойылған шектеулер сақталған. ҚР СІМ қазақстандықтардың қай елге және қандай талаптарда бара алатындығы туралы толық ақпарат берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігі әр елде келушілерге қойылатын белгілі талаптардың барын атап өтті. Мәселен, ПТР-тесттің болуы, келгеннен кейін карантинге қою, виза алу және т.б. СІМ белгілі бір елге баруды жоспарламас бұрын сол елге визаның қажет не қажет еместігін және сол сияқты басқа да талаптарды біліп алуды сұрайды.

Төменде қазақстандықтар бара алатын елдердің өзекті тізімі мен келушілерге қойылатын талаптары келтірілген.

1. Беларусь

- елдегі әуежайлар ашық;

-COVID-19 үшін ПТР тесттен өткені туралы анықтама қажет емес;

- бірақ үй карантинінде 14 күндік оқшаулауда болу қажет;

Қазақстандықтарға виза алудың қажеті жоқ.

2. Біріккен Араб Әмірліктері

Виза қажет емес. Дубайдағы әуежай ашылды.

- БАӘ-ге рейстерге қолында COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтамасы бар жолаушыларға рұқсат беріледі (жарамдылық мерзімі - 96 сағат);

- Дубай қаласының әуежайында жолаушылар медициналық декларация толтырады және тестті қайта тапсырады (12 жасқа дейінгі балалар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар тест тапсырудан босатылады). Тесттің оң нәтижесімен 14 күн үй карантинінде өзін-өзі оқшаулау қажет;

- халықаралық сақтандыру полисінің болуы қажет;

- 30 күннен кешіктірмей кері қайту билетін, сондай-ақ қонақүйде брондауды растайтын құжаттардың болуы қажет;

- қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында бетперде кию міндетті түрде қажет (1000,00 дирхамға айыппұл (274 доллар);

- транзиттік рейстерге рұқсат етіледі (егер келесі рейс 96 сағаттан кейін болатын болса, қалаға шығуға рұқсат етіледі).

3. Германия

Бұл елге қазақстандықтарға виза беру уақытша тоқтатылды. Елге кіруге белгісіз мерзімге шектеулер қойылды.

Ал жалпы:

- елдегі әуежайлар ашық;

-COVID-19 үшін ПТР тесттен өткені туралы анықтама қажет емес;

- үй карантинінде 14 күндік оқшаулау қажет;

– транзиттік рейстерге рұқсат етілген (мерзімі - 24 сағаттан аспайды, қалаға шығуға тыйым салынады).

Қазақстан азаматтарына Германия визасы келесі жағдайларда ғана беріледі:

- медициналық қызметкерлер;

- жүк тасымалдау және басқа да көлік компаниялары саласындағы қызметкерлер (мысалы, әуе кемесі экипажының мүшелері);

- ресми сапармен бара жатқан дипломаттар, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлері;

- шұғыл отбасы жағдайлары бойынша кететін адамдар;

- халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша немесе басқа гуманитарлық мақсатта жіберілетін адамдар;

- отбасымен қауышатын тұлғалар;

- жұмыс ұсыныстары бар мамандар;

- ғылыми қызметпен айналысатын зерттеушілер;

- IT-мамандар;

- ерекше қоғамдық маңызы бар қызметпен айналысатын қызметкерлер;

- Отанына оралған адамдар және олардың отбасы мүшелері.

4. Египет

Онда сіз 72 сағаттан аспайтын мерзімге коронавирусқа теріс тест туралы анықтама (ағылшын немесе араб тіліне аударылған) болған кезде ұшуға болады.

Елде қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақ үйлерде бетперде кию керек.

5. Нидерланд Корольдігі

Қазақстандықтар үшін елге кіруге белгісіз мерзімге шектеу қойылды. Мұнда тек дипломатиялық виза беріледі.

Жалпы, бұл елге келу шарттары мынадай:

-COVID-19 үшін ПТР тесттен өткені туралы анықтама қажет емес;

- үй карантинінде 14 күндік оқшаулау қажет;

– транзиттік рейстерге рұқсат етілген (мерзімі-24 сағаттан артық емес);

- рейске отырғызу кезінде денсаулық туралы декларация толтыру қажет;

- қоғамдық көліктерде, сондай-ақ Амстердам және Роттердам қалаларының кейбір жерлерінде бетперде кию міндетті (бетперде болмағаны үшін айыппұл - 95,00 еуро);

- барлық қоғамдық орындарда 1,5 метр қашықтықты сақтау қажет (осы талапты бұзғаны үшін 390,00 еуро мөлшерінде айыппұл салынады).

6. Корея

Қазақстандықтарға виза тиісті комиссияның оң шешімі негізінде ерекше жағдайларда ғана беріледі (емделуге, жақын туысы қайтыс болған жағдайда).

Жалпы, бұл елге бару талаптары келесідей:

- COVID-19 үшін ПТР тесттен өткені туралы анықтама қажет (мерзімі – 48 сағат). Сонымен қатар, анықтаманы тек Оңтүстік Корея елшілігі мойындаған Қазақстандағы медициналық мекемелер мен клиникалар беруі тиіс;

-электронды бақылаудан және қонақүйде арнайы 14 күндік карантиннен өту қажет (бағасы: тәулігіне 120-150 АҚШ доллары);

- келгендерге 3 күн ішінде COVID-19 тестін тапсыру қажет;

- транзиттік рейстерге рұқсат етілген (мерзімі – 24 сағаттан аспайды).

7. Қырғызстан

Виза қажет емес, сонымен қатар COVID-19 үшін ПТР тесттен өткені туралы анықтама.

Қазақстандықтар паспорты болған және үй карантинінде 14 күндік оқшауланған жағдайда бұл елге ұша алады.

8. Өзбекстан

Мұнда виза қажет емес. ПТР-тест туралы анықтама да талап етілмейді. Паспорт болған кезде кіруге болады.

9. Ресей

Виза қажет емес. Бұл елдің әуежайлары 21 қыркүйекте ашылды.

Қазақстандықтар Ресейге мынадай жағдайларда кіре алады:

-сізге COVID-19 үшін ПТР тесттен өткені туралы анықтама қажет;

-Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша рейс аптасына бір рет;

- тек әуе қатынастарына қатысты шектеулер жоқ, алайда шекараны жерүсті тәсілімен кесіп өту кезінде шектеулер сақталады;

10. Түркия

Мұнда 90 күндік визасыз режим бар.

Елге келу талаптары келесідей:

-COVID-19 үшін ПТР тесттен өткені туралы анықтама қажет емес;

- елге кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисін ресімдеу қажет;

- терминал мен ұшақтағы барлық жолаушыларға бетперде кию қажет. Бетпердесіз адамдар терминал мен ұшаққа жіберілмейді, 123 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынуы мүмкін;

- терминалға кіре берісте барлық жолаушылар температураны тепловизордың көмегімен өлшеу ресімінен өтеді. Егер дене температурасы 37,8 градустан асса немесе COVID-19 белгілері байқалса, арнайы медициналық орталықтарда сынақтан өту керек. Барлық халықаралық әуежайларда «Тестілеу орталықтары» бар және тест тегін жасалады. Тест нәтижелері 1-3 сағат ішінде дайын болады. Егер тест нәтижесі оң болса, жолаушы жеке ауруханаға жіберіледі. Бақылау зерттеулерінің нәтижелері бойынша жолаушы ауруханаға жатқызылады. Егер қорытындыда «ауруханаға жатқызуға белгілері болмаса, 14 күндік карантинде өзін-өзі оқшаулау қажет» деп жазылса, жолаушы оны қонақ үйде немесе үйде өткізе алады. Жолаушылар өз-өзін оқшаулаудағы адамдарға арналған арнайы бөлмелердегі қонақ үйлерде емдеуді жалғастыра алады.

11. Украина

Бұл елге кіру 2020 жылдың 28 қыркүйегіне дейін шектелді. Әуежайлар әлі жабық.

Ашылғаннан кейін кіру талаптары келесідей болады:

- COVID-19 үшін ПТР тесттен өткені туралы анықтама қажет (мерзімі – 48 сағаттан аспайды) немесе жолаушы әуежайда тест тапсырады;

- 14 күндік карантин қарастырылған;

- елге кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисін ресімдеу қажет. Сақтандыру полисін Украинада тіркелген компаниялар арқылы немесе елде өкілдіктері бар халықаралық сақтандыру компаниялары арқылы ресімдеу керек;

- қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында бетперде кию керек;

- өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат (паспорт) болуы қажет;

- транзиттік рейстерге рұқсат етілген (мерзімі – 24 сағаттан аспайды).

ҚР СІМ бұл тізім жаңартылатынын атап өтті.

3297