ruenkz

Пандемияға қарамастан қазақстандықтар үшін ашық елдер

Салынған уақыты 23.09.2020 08:30

Әлемде пандемия жағдайының басылмай тұрғанына қарамастан көптеген елдер басқа мемлекеттермен әуе қатынасын қайта бастады.
21 қыркүйекте қазақстандықтар үшін 9 ел шекарасын ашты, деп хабарлайды NUR.KZ.

Кеше, 21 қыркүйекте бірнеше айдың ішінде алғаш рет қазақстандық және ресейлік қалалар арасындағы рейстер қайта жанданды. Ресей Федерациясының коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы өткен жұмада қазақстандықтар үшін шекаралардың ашылғаны туралы хабарлады, бірақ әзірге аптасына бір ғана рейс қолжетімді болады.

Бір күн бұрын, 20 қыркүйекте Қазақстан Қырғызстанмен әуе қатынасын қайта бастады. Алайда мұнда да белгілі бір шектеулер қолданылады. рейстер Алматыдан Бішкекке және кері қарай ғана орындалады, олар аптасына 2 рет қана орындалатын болады.

Қазақстанмен шекаралардың ашылуы туралы Өзбекстан да хабарлады. Алғашқы рейстер 1 қазанға жоспарланған.

Қазақстандықтар үшін Түркия өз шекарасын алғашқылардың бірі болып ашты. Мемлекеттер арасындағы әуе рейстері 27 тамыздан бастап қайта жанданды. Айта кетейік, бұл жаңалық қазақстандықтарды қатты қуантты, олар бірден курорттық қалаларға жолдамалар сатып алуға кірісті.

Польша қазақстандықтар үшін шекараны ашты. Бұған дейін біздің мемлекет коронавирустың тұрақсыз жағдайына байланысты тыйым салынған елдер тізімінде болған. Алайда тізім соңғы рет қайта қаралған кезде Қазақстан одан шығарылды, ал 16 қыркүйектен бастап Еуропа елі Қазақстанмен әуе қатынасын қайта бастау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне, Германия мен Беларуське рейстерді кезең-кезеңімен жаңарта бастады. Алайда рейстер Нұр-Сұлтан мен Алматыдан аталған мемлекеттердің белгілі бір қалаларына ғана ұшады.

Сонымен қатар, 12 қыркүйектен бастап Қазақстан Египетке әуе рейстерін қайта бастайды деп хабарланды. Жаздың соңында Украинамен әуе қатынасын қайта бастау керек еді, бірақ 28 тамызда Украина билігі шетелдіктердің елге кіруіне бір айлық тыйым салуды ұйғарды. Украина СІМ тыйым 28 қыркүйекке дейін қолданылатынын хабарлады.

Қазақстандықтар ұшып бара алатын елдер: БАӘ (17 тамыздан бастап); Германия (18 тамыздан бастап); Беларусь (19 тамыздан бастап); Түркия (27 тамыздан бастап); Польша (16 қыркүйектен бастап); Египет
(12 қыркүйектен бастап - чартерлік рейстер); Қырғызстан (20 қыркүйектен бастап); Ресей (21 қыркүйектен бастап).

Жақын арада ашылады деп күтілуде: Өзбекстан (1 қазаннан бастап), Украина (шетелдіктердің кіруіне 28 қыркүйекке дейін тыйым салынған).

5270