«Қазаэронавигация» РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша семинар өтті
Салынған уақыты 06.11.2026 16:34
2026 жылғы 4 қарашада «Қазаэронавигация» РМК-да Қазақстан Республикасының Президенті бастамашылық еткен «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру шеңберінде Кәсіпорынның басшылық құрамының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары туралы» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты басшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы алдағы өзгерістерді түсіндіру болды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, белгіленген шектеулерді сақтау және мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар барысында Комплаенс-қызметтің жетекші маманы Нұрлан Даниев семинарға қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі жаңалықтарымен, оның ішінде жаңартылған түсінік аппаратымен, жеке мүдделерін декларациялау тәртібімен, туыстардың бірге жұмыс істеуіне жол бермеу талаптарымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілік мәселелерімен таныстырды.
2027 жылдан бастап енгізілетін мүдделер қақтығысын болдырмау мен реттеудің жаңа моделіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға нақты мерзімдерді белгілей отырып, жауапты тұлғаларды және тиісті талаптарды бұзғаны үшін құқықтық салдарды айқындай отырып, мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеудің нақты регламенттелген тетігіне көшуді көздейтін негізгі өзгерістер түсіндірілді.
Өз сөзінде Нұрлан Даниев қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен бейтараптығына әсер ететін жағдайларды дер кезінде анықтаудың және олардың алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау басқарушылық жауапкершіліктің ажырамас бөлігі болып табылатыны және Кәсіпорын қызметіне деген сенімді нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.
Бұдан бөлек семинарға қатысушыларға Комплаенс-қызметтің тәуелсіздік қағидаттары, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ жұмыскерлердің мүдделер қақтығысы мен әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселелері бойынша консультациялық қолдау сұрап жүгіну мүмкіндігі түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға, заңдылық, ашықтық және парасаттылық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде заңнама талаптарын сақтаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталған.
«Қазаэронавигация» РМК жұмыскерлерінің құқықтық сауаттылығын одан әрі арттыру мақсатында орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің және Кәсіпорын филиалдары басшыларының қатысуымен тақырыптық семинарлар өткізу жалғастырылатын болады.
#ЗаңМенТәртіп #ЗаконИПорядок #Казаэронавигация
8