«Қазаэронавигация» РМК спартакиадасы
Салынған уақыты 28.10.2026 15:43
«Қазаэронавигация» РМК-да кәсіпорын қызметкерлерін спорттық бәсекелестік, өзара қолдау және командалық бірлік рухында біріктірген спартакиада өтті.
Аталған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған кәсіпорын өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болды.
Қатысушылар спорттық шеберліктерін, мақсатқа ұмтылысын, жеңіске деген жігерін және ұйымшылдығын көрсетті. Жарыстар салауатты бәсекелестік жағдайында өтіп, қатысушылар мен жанкүйерлерге жарқын эмоциялар мен жағымды әсер сыйлады.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, біртұтас команданы қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіпорынның кәсіби қызметінің негізін құрайтын жауапкершілік, тәртіп, өзара көмек және ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылу сияқты құндылықтарды дамытуға ықпал етеді.
«Қазаэронавигация» РМК корпоративтік мәдениетті дамытуға, спорттық бастамаларды қолдауға және қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі.
Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділігі, спорттық жігері және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз!
Спорт біріктіреді, команда шабыттандырады, ал бірлік жаңа жетістіктерге жетелейді!
12