Швейцариялық ұшқыш әлемде алғашқы болып күн батареясымен ұшақтан секірді
Салынған уақыты 14.09.2020 08:40
«Швейцариялық инженер және ұшқыш Рафаэль Домжан әлемде алғаш болып күн батареясы бар парашютпен секірді» деп хабарлайды Swissinfo.ch. Бортта екі сынаушы ұшқыш Мигель Итурменди мен Рафаэль Домжан болды.
Ұшақ швейцариялық Пайерн қаласының әуеайлағынн ұшып, шамамен 1 538 метр биіктікке көтерілгеннен кейін крейсерлік жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін үдетті. Рафаэль Домжан секіргеннен кейін парашютін қалыпты күйде ашып, Пайернадағы әуеайлаққа қайта оралды. Ұшқыш бірден екі рекорд орнатты: электр ұшағынан жасалған алғашқы секіру және алғашқы «күн батарясымен» еркін секіру.
Бұл лайнердің ұзындығы 8,5, ал қанаты 24,8 метр, салмағы 450 келі. Күн батареяларының ауданы 22 шаршы метрді құрайды. Ол алғашқы рейсін 2017 жылы жасаған болатын. Жоба инженерлерінің мақсаты – ұшақты стратосфераға 25 шақырым биіктікке шығару. 2020 жылдың мамыр айында ол сегіз шақырымға дерлік көтерілді.
3332