ruenkz

ICAO және EUROCONTROL жұмыс топтарының бірлескен кеңесі

Салынған уақыты 21.04.2026 14:00

2026 жылғы 14-16 сәуір аралығында «Қазаэронавигация» РМК өкілдері Париж қаласындағы ИКАО Солтүстік Атлант бюросының кеңсесінде өткен ICAO (PBNC TF/14) және EUROCONTROL (NSG/41) жұмыс топтарының бірлескен кеңесіне қатысты.

Кездесу барысында PBN IR талаптарын іске асыруды, әуе кемелерінің жарақтану деңгейін, жерүсті инфрақұрылымын дамытуды және цифрлық мониторинг құралдарын енгізуді қоса алғанда, әуе кемелерінің сипаттамалары (PBN) негізіндегі навигацияны дамытудың негізгі мәселелері қаралды. Кедергілерге қарсы іс-қимыл шараларын (jamming/spoofing) қоса алғанда, спутниктік навигация сигналының (GNSS) тұрақтылығына, сондай-ақ жердегі навигация құралдарына - DME, ILS көшу тәртібіне, SBAS спутниктік түзету жүйесін пайдалануға ерекше назар аударылды. ICAO мен EUROCONTROL бастамалары, соның ішінде Green CNS бағдарламасы мен CNS Evolution Plan 2026-2031 жылдарға арналған даму жоспары жеке талқыланды.

Қазақстандық делегация Қазақстан Республикасында PBN енгізу барысы туралы мемлекеттік баяндамасын ұсынды. «Қазаэронавигация» РМК өкілі Әсет Ахметбаев Қазақстан Республикасының Сәтпай, Арқалық, Қатонқарағай, Кендірлі және Павлодар әуеайлақтарында PBN процедураларын енгізудің ағымдағы прогресін, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес одан әрі даму жоспарларын жария ете отырып баяндама жасады.

Кеңеске біздің мамандардың қатысуы озық халықаралық тәжірибені зерделеуге, навигациялық жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету тәсілдерін өзектендіруге және Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

2