Қазақстан GISS-2026 симпозиумына қатысты
Салынған уақыты 17.04.2026 11:26
Халықаралық күн тәртібі аясында «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері авиациялық қауіпсіздік пен өңірлік өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне арналған салалық жиынға қатысты.
Мемлекеттер арасындағы тиімді ынтымақтастық тетіктері:
- авиация саласының ресурстарын біріктіру;
- бірлескен аудит жүргізу;
- ұшу қауіпсіздігін арттыру мәселелерін шешуге ықпал ететіні атап өтілді.
Қазақстан Республикасының ұстанымы
Жиын барысында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы
Салтанат Томпиева:
- жедел тәжірибе алмасудың маңыздылығын;
- нақты міндеттер бойынша тиімді шешімдер қабылдау қажеттілігін;
- бірлескен жұмыстың практикалық тиімділігін атап өтті.
Сонымен қатар басты назарды:
- техникалық миссияларды;
- сарапшылармен алмасуды;
- халықаралық аудиттерге бiрлесiп дайындалуды дамытуға аудару қажеттігіне тоқталып, өзара іс-қимылдың мұндай форматы қалыпты процедураларға қарағанда неғұрлым жедел әрі тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап айтты.
.jpeg)
Даму перспективалары
Авиация саласындағы өңірлік тетіктерді одан әрі дамыту үшін мынадай басым бағыттар айқындалды:
- тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету;
- басқару тиімділігін арттыру;
- цифрлық және тәуекелге бағдарланған тәсілдерді енгізу.
Қатысушылар өңірлік ұйымдардың жаһандық авиациялық қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін растады.
5