ruenkz

Central Asia Aviation Summit 2026 қорытындысы

Салынған уақыты 16.04.2026 11:41

2026 жылғы 15 сәуірде Астана қаласында түрлі елдердің авиация саласы өкілдерінің басын қосқан халықаралық Central Asia Aviation Summit 2026 саммиті өтті.

 

Саммит жұмысына «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері қатысты, бұл Кәсіпорынның халықаралық алаңда кәсіби өкілдігін қамтамасыз етуге және өңірдегі авиация саласын дамытудың түйінді мәселелерін талқылауға қатысуға мүмкіндік берді.

 

Іс-шараның бірінші бөлімі аясында халықаралық ынтымақтастық, Орталық Азияның авиациялық нарығын дамыту мәселелері, сондай-ақ әлемдік жетекші авиациялық техника өндірушілерімен және салалық ұйымдармен өзара іс-қимыл перспективалары қаралды.

 

Саммиттің екінші бөлімі маршруттық желіні кеңейту және операциялық тиімділікті арттыру мәселелеріне арналды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі пайдаланушылар үшін тартымды болып қалуы тиіс екендігі атап өтілді. Мұндай халықаралық іс-шараларды өткізу әуе кеңістігін пайдаланушылардың өзекті қажеттіліктерін толығырақ ескеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ әуе қозғалысын ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруге бағытталған тікелей диалог орнатуға және ұсыныстармен алмасуға жағдай жасайды.

 

Қорытынды бөлімде өңірлік өзара іс-қимыл, маршруттар желісін дамыту және Орталық Азия елдерінің халықаралық авиациялық нарықтармен байланысын арттыру мәселелері талқыланды.

 

Мұндай іс-шараларға қатысу халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және Қазақстан Республикасының әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

 

 

14