2026 жылғы 1 сәуірде «Қазаэронавигация» РМК орталық аппаратында (Астана қ.) «Қазаэронавигация» РМК Бас директоры Фаат Богдашкин мен «FlyArystan» АҚ Президенті Йохан Эйдхагеннің жұмыс кездесуі өтті.
Салынған уақыты 01.04.2026 17:10
.jpeg)
Кездесу Йохан Эйдхагеннің «FlyArystan» Президенті лауазымына кірісуіне байланысты танысу форматында ұйымдастырылды. Тараптар сындарлы және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнатуға өзара мүдделілік танытты.
Кездесу барысында операциялық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, соның ішінде бірлескен жұмыстың тиімділігі мен өзара іс-қимыл рәсімдері қозғалды. «Қазаэронавигация» РМК-ның отандық авикомпаниялар үшін қолданылатын аэронавигациялық алымдар ставкалары бөлігіндегі тарифтік саясаты және олардың өңірлік тұрғыдағы бәсекеге қабілеттілігі бөлек талқыланды.
FlyArystan-ның ішкі маршруттық желісін дамытуға, атап айтқанда, Қазақстанның батыс өңірлеріндегі ұшу географиясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Ішкі тасымалдарды ұлғайту стратегиясы шеңберінде рейстер жиілігін арттыру және жаңа бағыттарды ашу мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалогқа және Қазақстан Республикасының авиация саласын дамыту, сондай-ақ халық үшін әуе қатынасының қолжетімділігін арттыру мүддесінде өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.
8