Түркістан қаласында салынып жатқан әуежайдың аумағында аэронавигациялық жабдықты орнату және монтаждау жұмысы аяқталды
Салынған уақыты 10.09.2020 09:01
«Қазаэронавигация» РМК Түркістан қаласының әуежайында аэронавигациялық жабдықты орнату және монтаждау жұмыстарын аяқтады.
Мәселен, аэронавигациялық жабдықтың, атап айтқанда радиолокациялық кешеннің, автоматты радиопеленгатордың, DVOR-DME навигациялық радиомаякының, аспаптық қону жүйесінің, автоматтандырылған метеорологиялық ақпараттық станцияның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.
Әуежай аумағындағы құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Жасанды ұшу-қону жолағында асфальтбетон жабынының төртінші қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Әуебекет ғимаратында әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Аэровокзал кешенінің өткізу қабілеті – сағатына 450 жолаушы, екі телескопиялық траппен жарақталған.
Жобада әуеайлақ объектілерінен басқа да мынадай қажетті инфрақұрылымды салу көзделген: отын-май құю кешені, авариялық-құтқару станциясы, қызметтік-техникалық аумақ объектілері, периметр қоршауының бойындағы патрульдік жол, әуежайдың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да объектілер.
4027