Қостанай филиалында «Қостанай әуеайлағындағы орнитологиялық қамтамасыз ету» тақырыбында семинар-пікірталас өтті
Салынған уақыты 03.09.2020 08:43
Соңғы жылдары құстар әуе кемелеріне және жалпы авиация қызметіне үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан орнитологиялық қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлінуде.
1 қыркүйекте техникалық сабақ өтті. Оны «Авиациялық орнитология орталығы» ЖШС директоры Рашид Қапанов жүргізді. Сабаққа ӘҚҚ қызметі, метеорологиялық қызмет мамандары, сондай-ақ Қостанай қаласы әуежайының әуеайлақ қызметі мен АҚҚ қызметкерлері қатысты. Дәріс барысында әуежайдағы өзекті мәселелер мен ағымдағы жағдай қозғалды, сондай-ақ оларды шешу бойынша ұсыныстар айтылды.
ӘҚҚ қызметі мен әуежайдың әуеайлақ қызметінің жедел өзара іс-қимылы мәселесі көтерілді. РП, «Мұнара» ДП диспетчерлері ұшақтың торғайлар мен шақшақай тәрізді ұсақ қауырсынды құстармен соқтығысу жағдайларының жиілегеніне «Авиациялық орнитология орталығы» директорының назарын аударды. 28, 30 тамыз және 1 қыркүйек күндері әуе кемелерінің құстармен соқтығысуы орын алды, бәрі еш қауіпсіз аяқталды. Аталған семинардың кемшіліктері ретінде көрнекі материалдардың, атап айтқанда слайдтар мен көрнекі құралдардың жоқтығы атап өтілді. Сөз соңында Рашид Қапанов «Қостанай» әуежайын орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша қорытынды ұсыныстар беретінін айтты.
3641