Атырау филиалы Құрметті демалысқа шыққан қызметкер алдындағы құрметті миссиясын орындады
Салынған уақыты 02.09.2020 08:52
Атырау филиалы әкімшілік-шаруашылық бөлімнің бірінші класты автомобиль жүргізушісі Ұзақбай Мұсағалиұлы Тайжанов 23 жасар жас жігіт кезінде азаматтық авиация саласына жұмысқа орналасты. Еңбектегі өмір жолының 40 жылын көлік дөңгелегіне арнады. Осы жылдар ішінде әріптестері оны тамаша жан ретінде білді және ол жастарға еңбекқорлық мен мейірімділіктің үлгісі бола білді. Оның иығында тез континентальды қала – Атыраудың жаңбырлы, батпақты, қолайсыз ауа-райы және шуақты күндерінде жүріп өткен мыңдаған шақырым жолдары бар. Ол өзінің адал, сенімді, қолының әр қимылына бағынатын автомашинасын жақсы көрді. Оның жүргізуші құқығының «А», «В», «С», «Д», «Е» барлық санаттары бар. Ол кәсіпорынның игілігі үшін еңбектенді, әрқашан техникаға мұқият қарады және әркез де техниканың толық сенімді екеніне көз жеткізіп барып, рулге отыратын, қозғалыс қауіпсіздігі көптеген жағдайда жүргізушілерге байланысты екенін бір минутқа болса да есінен шығарған емес. Өндірістік тапсырмаларды орындау кезінде жетістіктері мен сенімді жұмысты қамтамасыз еткені үшін Ұзақбай Мұсағалиұлы «Қазаэронавигация» РМК Бас директорының «20 жыл Қазаэронавигация» РМК» төсбелгісімен марапатталды.
Ал енді ол зейнеткер атанса да, үйде отыру оның ойында жоқ екен, кәсіби жүргізуші болғандықтан, Ұзақбай ағаның өзі «Қымбатты немерелерім, отбасым игіліктері үшін әрі қарайда еңбектенемін, жеке көлігіммен апарып-әкелетін боламын», деді.
Біздің ұжым оны құрметті демалысқа шығарып сала отырып, шын жүректен ұзақ жылғы жарқын еңбек жолына алғыс айтамыз, бақыт, денсаулық және ұзақ өмір тілейміз.
3557