ruenkz

Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі қызыл және жасыл аймақ елдерінің тізімін жаңартты

Салынған уақыты 28.08.2020 10:02

Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі қызыл және жасыл аймақ елдерінің жаңа тізімін жариялады. Ол тізім келгендерге карантин қажет пе, жоқ па, соны анықтайды.

Мысалы, 22 тамыздағы Қызыл тізімге украиналық туристер үшін ашық Албания мен Черногория кірді. Сондай-ақ, оған Бельгия, Үндістан, Албания, Армения, Румыния, Қазақстан, Мальта, Испания, АҚШ, Израиль және басқа да елдер кіреді, онда соңғы 2 аптада 100 мың халыққа шаққанда ауырғандар саны Украинадағы осы көрсеткіштен асып түседі.

Жасыл аймақта әлі күнге дейін туристердің көпшілігі жақсы көретін Түркия, Египет, Болгария және Хорватия бар.

Егер адам Ресей, Беларусь, Нидерланды, Франция, Сербия, БАӘ, Швеция, Иран, Швейцария, Австрия, Чехия, Германия, Ұлыбритания, Греция, Кипр, Әзірбайжан, Канада, Норвегия, Словения, Италия, Эстония, Литва, Латвия, Венгрия, Қытай және басқа мемлекеттерден келген болса, карантин қажет емес.

Мемлекеттердің толық тізімін және олардың қызыл және жасыл аймаққа қалай бөлінгенін 22 тамыздағы жағдай бойынша Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің ресми тізімінен көруге болады.

14 тамыздан бастап ведомство елдерді бөлу критерийлерін өзгертті. Енді тек бір параметр қолданылады —100 мың адамға шаққанда, соңғы 14 күндегі сырқаттанғандар саны.

Егер жолаушы Жасыл аймақ елдерінен келсе, ол елге кіргеннен кейін Украина жерінде еркін жүре алады.

Егер адам қызыл тізім елінен келген болса, онда ол арнайы мекемеде 14 күндік обсервациядан өтуі керек, «Дій вдома» қосымшасын қолдана отырып, үйде өзін-өзі оқшаулауы немесе Украинаның зертханаларында коронавирусқа арналған ПТР сынағынан өтуі керек. Борисполь, Жуляна, Львов, Одесса және Харьков әуежайларында сынақ қабылдау пункттері ашылды.

Сондай-ақ, саяхатшы шетелде ПТР сынағынан өте алады. Алайда, талдау нәтижесі Украина шекарасынан өтуге дейін 48 сағаттан аспайтын уақыт бұрын алынса ғана жарамды болып саналады.

3253