Дубай әуежайында КВИ анықтау үшін иттерді пайдалана бастады, енді Дубай билігі әуежайда коронавируспен күресу үшін кинологтар мен иттерді тартады, деп хабарлайды РИА Новости
Салынған уақыты 27.08.2020 08:44
«Иттердің міндеті - коронавируспен ауыратын жолаушыларды иіскеп табу. Зерттеу барысында иіс сезу дәлдігі 92% болды», - деп жазады Тravel and Leisure. Иттердің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда бірнеше есе жоғары, сондықтан ол көбінесе бомба немесе есірткі табу үшін пайдаланылады. Иттерді коронавирусты анықтауға үйрету ауыр және ұзақ. Ол үшін зертхана, арнайы жабдықтар және науқас адамдардың тер иісі қажет. Дубай әуежайы коронавируспен күресу үшін иттерді пайдалануға бірінші болып шешім қабылдады. Олар адамдарға жақындамай қашықтықтан жұмыс істейді. Дубай туристер үшін шілде айында ашылды. Саяхатшылардан сапарға дейін кемінде 96 сағат бұрын алынған COVID -19-ға теріс нәтиже туралы анықтама талап етіледі.
ktk.kz сайтының материалдарын пайдалануға материалға тікелей сілтеме болған кезде рұқсат етіледі. Сілтеме материалдар мәтінінің бірінші немесе екінші сөйлемдерінде негізгі мәтінмен бірдей қаріппен жазылуы керек.
3170