ruenkz

Қазақстан 17 тамыздан бастап бірқатар мемлекеттерге, халықаралық рейстерді қайта бастайды

Салынған уақыты 25.08.2020 09:51

«ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, 2020 жылғы17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларусь Республикасына, Германияға, Нидерландыға, Египетке, Украинаға және Ресей Федерациясына халықаралық ұшулар кезең – кезеңімен қайта басталады», - делінген ААК хабарламасында.

Ведомствода атап өткендей, ИИДМ жоғарыда аталған елдердің авиациялық билік орындарымен бірлесіп, тұрақты жолаушылар рейстерін жаңарту мәселесі алдын ала пысықталды. Олар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік қашықтық, бетперде режимі, ПТР тестілеу және т.б.) сақтай отырып, Қазақстанмен ұшуды жаңғыртуды қолдайды.

Бұл ретте, ААК-да Ресейге ұшуды орындау үшін Ресей тарапынан рұқсат талап етілетіні қосылды.

«Халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және әрбір бағыттағы әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалатын болады. Рейстер мен билеттерді сату авиакомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы азаматтардың өтуіне шектеулер алынып тасталуына және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады", – деп түйіндеді Азаматтық авиация комитеті.

3325