ruenkz

Желіде әлемдегі ең жылдам жолаушылар лайнерінің нобайы пайда болды

Салынған уақыты 21.08.2020 09:29

Әлемдегі ең жылдам жолаушылар авиалайнерінің бейнесі американдық Virgin Galactic компаниясының сайтында жарияланды. Конструкторлардың жоспары бойынша ұшақ жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан үш есе асады, деп хабарлайды Tengritravel.kz Virgin Galactic сілтеме жасай отырып.

Virgin Galactic сыйымдылығы тоғыздан 19 адамға дейін созылатын дельта қанаты бар реактивті ұшақ конструкциясын ұсынды. Лайнер 18 шақырымнан астам биіктікте жүреді, ал оның максималды жылдамдығы 3 Мах (сағатына 3 596 шақырым) болады, бұл дыбыс жылдамдығынан үш есе көп деп мәлімдеді компания. Әуе кемесінің қозғалтқышын Rolls-Royce фирмасы жасауда, ол бұрын сағатына 2400 шақырымға дейін жылдамдықты дамытқан Concorde үшін дыбыстан жоғары қозғалтқышты ойлап тапқан. Айта кету керек, жаңа ұшақтың прототипі аты аңызға айналған француз авиалайнеріне ұқсас.

Virgin Galactic компаниясының жоспарына сәйкес, жаңа дыбыстан жоғары лайнер ұзақ қашықтықты мүмкіндігінше қысқа мерзімде еңсеруге мүмкіндік береді. Сонымен, Нью-Йорктен Лондонға трансатлантикалық ұшу екі сағатты құрайды. Ұшақ бизнес және бірінші класты орындармен жабдықталады. Айта кетейік, американдық Virgin Galactic компаниясы болашақта туристік суборбиталды ғарыштық ұшуларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

608