ruenkz

Emirates авиакомпаниясы алып «Аэробустарды» әуеге қайта көтерді

Салынған уақыты 17.08.2020 09:51

Emirates авиакомпаниясы 2020 жылдың 8 тамызынан бастап флагмандық A380 ұшағында  Гуанчжоу, Амстердам және Каирда ұшуын бастайды және A380-тің екінші күнделікті рейсін Лондонның Хитроуына енгізеді деп хабарлады.

Тамыз айының басында авиакомпания бес бағытта алып А380-ді іске қосады және сұраныс пен пайдалану рұқсаттарына сәйкес ұшу аумағын біртіндеп кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл ұшақ кең және жайлы салонының арқасында саяхатшылар арасында өте танымал.

Өткен аптада Emirates Дубайдан Аддис-Абебаға, Прагаға, Сан-Паулаға, Стокгольмға және Сейшел аралдарына рейстерді қайта бастады. Қауіпсіздік маңызды басымдық болып қала беретінін ескере отырып, авиакомпания өзінің жолаушылар тасымалын біртіндеп тамыз айында 68 бағытқа дейін кеңейтеді. Осылайша ол маршрутының 50% қайтарады.

Америка, Еуропа, Африка, Таяу Шығыс және Азия-Тынық мұхиты аймағы арасында саяхаттайтын көптеген жолаушылар Дубай арқылы ұшуды жөн көретінін айта кету керек. Қосылу кезінде Emirates жолаушыларына Дубайға бару ұсынылады, өйткені қала халықаралық іскери қонақтар мен туристер үшін қайта ашылды.

3059