ruenkz

Airbus концерні «CityAirbus» деп аталатын жаңа әуе таксиін ұсынды

Салынған уақыты 14.08.2020 11:29

Airbus авиациялық концерні Германиядағы зауыттарының бірінде көпшілікке ұшатын таксидің жаңа моделін ұсынды. Бұл өнім «CityAirbus»деп аталды. Ұшу аппараты тік ұшып,  қонатын электр ұшақ. Бұл туралы Lonely Planet туристік басылымы жазады.

Қашықтықтан басқарылатын такси төрт жолаушыны ыңғайлы тасымалдап, 120 км / сағ жылдамдықпен ұша алады. Әуе кемесінің қозғалтқышы толығымен электрмен және батареядан жұмыс істейді, бұл оны экологиялық қауіпсіз етеді. Жұқа қалақшалары бар төрт пропеллердің арқасында ұшу аппаратының қарапайым тікұшаққа қарағанда шуылы аз.

Airbus-тің болжауынша, мұндай ұшақ қысқа қашықтыққа қала ішінде жүретін тамаша көлік құралы болады және жолда кептеліс болдырмауға мүмкіндік береді. «CityAirbus» таксиінің тұрақты негізде қай күні пайдаланылатыны әлі белгісіз. Airbus-тің басты бәсекелесі Uber мұндай ұшатын таксиді әлдеқашан іске қосқанын айта кету керек. Өткен жылдың қазан айында Uber Copter Нью-Йоркте жұмыс істеп, Джон Кеннеди әуежайы — Төменгі Манхэттен бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдай бастады.

3244