ruenkz

Еуропалық әуежайлар тек 2024 жылға қарай қалпына келтіріледі - болжам

Салынған уақыты 13.08.2020 10:00

Жолаушылар ағынын 2019 жылғы дейңгейге дейін толық қалпына келтіру 2024 жылы күтілуде. Сарапшылар осындай болжам берді деп хабарлайды Tengritravel.kz Traveldailynews.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Еуропа әуежайларының халықаралық кеңесі (ACI Europe) маусым айында еуропалық әуежайлар желісі арқылы жолаушылар ағыны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 93 пайызға азайғанын хабарлады. Өткен аймен салыстырғанда біршама жақсы көрсеткіштер бар (2020 жылғы мамырда алдыңғы жылмен айырмашылық  98 пайызды құрады). Еуропалық әуежайлар маусым айында 16,8 миллион жолаушы қабылдады, өткен жылдың сол айында бұл сан 240 миллион болды.

Өткен аймен салыстырғанда жағдайдың жақсаруына Еуропалық Одақ пен Шенген аймағы шегінде сапарларға шектеулерді біртіндеп алып тастау әсер етті. Бұл ретте көптеген басқа елдерге сапар шегуге тыйым салынуда. Осылайша, еуропалық әуежайлар желісінде күн сайынғы жолаушылар ағыны үш есеге жуық ұлғайды - 1 маусымда 267 000 жолаушы болса, 30 маусымда 757 000 жолаушыға дейін көбейді. Алайда, бұл сандар өткен жылдағы сол айдың 8 миллион адам құрайтын орташа күндік көрсеткішінен көп төмен.

3187