British Airways Boeing 747 ұшақтарынан бас тартпақ
Салынған уақыты 12.08.2020 11:06
Boeing 747-400 лайнерлерінің ең ірі операторы – British Airways авиакомпаниясы бұл модельдің барлық ұшақтарынан бас тартады. Себебі «коронавирус пандемиясының әсері жойқын болды» деп хабарлайды РБК тасымалдаушының ресми мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
«Шамамен 50 жыл бойғы қызметінен кейін және бүкіл әлем бойынша миллион миля ұшқаннан кейін қалған Boeing 747-400 COVID-19 пандемиясының авиакомпанияға және 2023-2024 жылға дейін қалпына келтірілуі екіталай авиация секторына келтірген жойқын әсерінен дереу пайдаланудан шығарылады деп болжануда»,-делінген хабарламада.
British Airways Boeing 747-400 лайнерлерінің ең ірі операторы болып табылады. Бұл модельдегі ұшақпен алғашқы рейсті компания 1989 жылдың шілде айында орындады. Сонымен қатар, тасымалдаушы осы лайнерлерді біртіндеп пайдаланудан шығарып, оларды қазіргі заманғы аз отынды қажет ететін Airbus A350 және Boeing 787-ге ауыстырды делінген хабарламада.
3129