ruenkz

Ресей мен Өзбекстан лоукостер құру мүмкіндігін қарастыруда

Салынған уақыты 11.08.2020 10:34

20 шілдеде Ресей мен Өзбекстан өкілдері бірлесіп бюджеттік авиакомпания құру мүмкіндігін талқылады. Бұл идея елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында айтылды. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап ТАСС ақпараттық агенттігі жазады.

Оладың хабарлауынша, ресейлік-өзбек тасымалдаушы елдердің көліктік қолжетімділігін арттырады, мемлекеттер арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалдау рейстерінің санын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, онлайн-отырыс барысында комиссия цифрлық көлік жүйелері саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады және ұшуға жарамдылық нормаларына қойылатын талаптарды белгілейтін жоба бойынша жұмысты жалғастырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Беларусь те өз лоукост компаниясын құру туралы жоспарда бар екенін айтқан болатын. Бюджеттік авиакомпания маршруттық желіні кеңейтеді және елдің негізгі тасымалдаушысы «Белавиаға» бәсекелес болады.

1034