Коронавирус пандемиясы жағдайындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженердің жоғары жауапкершілігі
Салынған уақыты 07.08.2020 19:25
СOVID-19 пандемиясы басталғаннан бері «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-маманға да жүк түсті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженердің барлық жұмысы еңбектің қауіпсіз жағдайын жасауға бағытталған. Оның басты міндеті - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша шараларды ұйымдастыру және ол күн сайын филиалда коронавирустың таралу қатерін азайту үшін маскалардың болуын, қолды және үйжайларды өңдеу үшін зарарсыздандыратын құралдардың болуын тексеріп отырады.
Атырау филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері Ташенова Гүлнар Зейноллақызы бала кезінен армандаған азаматтық авиация саласына 17 жасар балғын бойжеткен кезінде жұмысқа келді. Азаматтық авиация саласында 31 жыл жұмыс жасады, соның ішінде, міне, 18 жыл бойы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері лауазымында жұмыс жасап келеді. Ұзақ жылдар бойы бір салада жұмыс жасай отырып, ол өзінің саласында кәсіби маман атанды және пандемия басталғалы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нағыз «күрескер» маманға айналды. Ол кабинеттер мен үйжайларда тазалық пен тәртіпті сақтауды қатты талап етеді және үнемі қадағалап отырады. Біз оның айналаны жақсартуға деген тілегін және жұмыс ісін ең бастысы-қауіпсіз етуге деген талпынысын қолдаймыз, себебі эпидемияға қарсы шараларды орындау мен сақтау үшін жоғары жауапкершілік оның мойнында екенін түсінеміз. Оның барлық бастамаларына сәттілікті және жұмысы тек қана қуаныш әкелсін деп тілейміз.
1131