ruenkz

Америка компаниясы жаңа үлгідегі аса жоғары жылдамдықты ұшақ ұсынбақшы

Салынған уақыты 06.08.2020 09:13

7 қазан күні Американың Boom Supersonic компаниясы жұртшылыққа өзінің бірегей өнімін — жаңа үлгідегі аса жоғары жылдамдықты ұшағын ұсынады. Прототип қазірдің өзінде XB-1 деп аталды, бұл бір адам — пилот сыятын шағын ұшу аппараты. Бұл туралы Simple Flying басылымы жазады.

XB-1 құны 141 млн долларға бағаланып отыр. Хабарламада айтылғандай, күзде ұшақтың жер бетінде көрсетілімі өтеді, ұшу сынақтары 2021 жылы басталады. Содан кейін Boom Supersonic XB-1 сызбалары бойынша анағұрлым кең әуе кемесін құрастыруды жоспарлап отыр. Келесі аса жоғары жылдамдықты ұшақ Boom Overture деп аталады. Бұл 55 жолаушыға есептелген және 8300 км қашықтыққа ұша алатын ұшақ болады. Америка компаниясының басшылығы лайнерлерді тікелей авиакомпанияларға сатуды көздеп отыр (Japan Airlines компаниясының қызығушылық танытқаны белгілі), бір ұшақтың құны шамамен 200 млн долларды құрайды.

Мұндай аса жоғары жылдамдықты ұшақпен ұшу 5 мың доллардан кем болмайды. Бір қызығы, Boom Supersonic компаниясы 2014 жылы ғана құрылған және алты жыл ішінде аса жоғары жылдамдықты құралдың прототипін жасай алды. Бұл бұрын Еуропада жасалған басқа аса жоғары жылдамдықты Concorde лайнерін жасау уақытына қарағанда әлдеқайда жылдам.

1144