ruenkz

IATA COVID-19 жағдайында авиажолаушылардың неден қорқатынын айтты

Салынған уақыты 05.08.2020 11:39

13 шілдеде Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) коронавирус пандемиясы жағдайында саяхат жасау кезінде авиажолаушылардың негізгі қорқыныштары зерделенген зерттеу нәтижелерін жариялады. Респонденттердің басым бөлігі әуе кемесінің салонында вирусты жұқтырудан қорқады, деп хабарлады Тикетс аэро порталы.

Алынған нәтижелерге сәйкес, сұралған жолаушылардың 59%-ы ұшаққа жететін трансферге, 42%-ы рейске тіркелу және шекаралық бақылау кезінде қауіпсіздік үшін алаңдайтыны, 38%-ы аэровокзал ғимаратындағы дәретхана бөлмелерінің жеткілікті түрде дезинфекцияланғанына күмәнді екені байқалды. Сауалнамаға жауап берушілердің 65%-ы ұшақта ауру жұқтырған адамның қасына отырудан қорқатыны, 37%-ы борттағы ауаны тазарту жүйелерінің тиімділігіне күмәнданатыны белгілі болды. Жолаушыларға қойылған кейінгі сауал COVID-19 вирусымен күрес бойынша ең тиімді шараларды атау болды, ең жиі кездескен жауаптардың ішінде ұшып шығу әуежайында коронавирусқа тексеру (37% ), міндетті түрде бетперде пайдалану (34%), ұшақтарда әлеуметтік қашықтықты сақтау (33%) болды.

Сонымен қатар, респонденттердің 58%-ға жуығы қатаң шектеулер мен карантиндік шаралар кезінде ұшақпен жол жүруден бас тартқанын айтты, ал 33%-ы авиакомпаниялардың қызметтерін әлі де пайдалана алмайтындарын жеткізді. «Адамдардың әуе сапары кезінде COVID-19 пандемиясына қатты алаңдайтыны сөзсіз, бірақ олар вирустың таралуын болдырмау үшін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға дайын», — деп атап өтті IATA бас директоры Александр де Жюняк.

1117