ruenkz

Hi Fly авиакомпаниясы әлемдегі алғашқы «жүк таситын» Airbus A380 ұшағын көрсетті

Салынған уақыты 04.08.2020 09:46

Португалияның Hi Fly чартерлік авиакомпаниясы әлемдегі алғашқы «жүк таситын» Airbus A380 көрсетті. Жолаушылар ұшағын жүк таситын ұшаққа айналдыру барысында мегалайнердің жолаушылар салонының едәуір бөлігі бөлшектеліп, жеңіл жүктерді тасымалдауға бейімделді. Жүк бөлігін есепке ала отырып, енді жүкті үш деңгейде орналастыруға болады, деп хабарлайды АТО порталы.

Бұған дейін ұшақты Singapore Airlines авиакомпаниясы пайдаланған болатын, ал қазір ол Лиссабонның Hi Fly компаниясына тиесілі және бүкіл әлем бойынша чартерлік жолаушылар рейстерін бұл компания әдетте дымқыл лизинг жағдайында орындайды. Алайда, пандемияға байланысты қолданыстағы шектеулердің салдарынан мұндай чартерлерге сұраныс жоғалып кетті, бұл ретте жеңіл жүктерді, оның ішінде медициналық мақсаттағы жүктерді тасымалдауға деген сұраныс күрт өсті. Hi Fly жүк-жолаушы нұсқасын жасап, қажеттіліктердің өзгеруіне қарай жақсы бейімделді.

Фюзеляждың төменгі бөлігіндегі жүк палубасының конфигурациясы өзгеріссіз қалды. Мұнда 133,3 текше метрге дейін жүк орналасуы мүмкін: алдыңғы жағында 77,0, артқы жағында 42,0 және ортасында 14,3.

1169