Қытайдың амфибия ұшағы теңізге алғашқы ұшуын орындады
Салынған уақыты 28.07.2020 09:51
Қытайдың AG600 гидроұшағы жексенбі күні таңертең теңізге өзінің алғашқы сынақ ұшуын орындады.
Ұшақ Шанцзыхе (RIZ/ZSRZ) әуежайынан ұшып шығып, 46 минуттан кейін Сары теңіздің Циндао қаласына жақын белгіленген орнына қонып, қайтадан Шанцзыхе әуежайына қарай ұшты.
AG600 гидроұшағы өзінің алғашқы ұшуын 2017 жылдың желтоқсан айында Чжухай қаласына жасаған болатын. Он ай өткеннен кейін Хубэй провинциясының Цзинмэнь қаласындағы Чжанхэ өзенінің су қоймасына алғаш рет ұшып-қонды.
AG600 ұшағы негізінен өрт сөндіруге арналған, бірақ оны теңіз ортасын мониторингілеуге, теңізде іздестіру және құтқаруға қайта жабдықтауға болады. ҚХР әскері ұшақты теңізді патрульдеуге пайдалануды жоспарлап отыр.
1155