Qazaq Air бортынан ақау табылды: оны пайдалану уақытша тоқтатылды
Салынған уақыты 27.07.2020 13:10
Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген Qazaq Air ұшағында ақау табылды, авиакомпания ұшақты пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.
Қазақстанның ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Qazaq Air авиакомпаниясының ұшағы Өскеменнен Нұр-Сұлтанға сағат 17.21-де ұшып келген. «Ұшып келгеннен кейінгі тексеру барысында фюзеляждың ортасында ұшақтың артқы бөлігінен жеті нүктелі ақау табылды. Әуе кемесінің тұрақ орнында Нұр-Сұлтан әуежайының қауіпсіздік инспекциясы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстандық авиакомпанияның баспасөз қызметі оқиға туралы түсініктеме берді.
«Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында әуе кемесін ұшар алдында штаттық тексеру кезінде авиакомпанияның ұшақтарының бірінде корпусынан іздер табылды. Бұл туралы тиісті қызметтер дереу хабардар етілді. QAZAQ AIR авиакомпаниясы өз жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондықтан авиакомпанияның авиациялық-техникалық қызметі толық талдау және тексеру жүргізгенге дейін осы бортты пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды», - деп атап өтті Qazaq Air авиакомпаниясының баспасөз қызметі.
«Qazaq Air үшін авиациялық қауіпсіздік басты басымдық болып табылады және осыған байланысты компания осы жағдай бойынша тексеру толық аяқталғанға дейін одан әрі түсініктеме беруден бас тартады. Сондай-ақ, ұшу бағдарламасы кесте бойынша орындалатынын хабарлаймыз»,-деп қорытындылады компанияның баспасөз қызметі.
1078