El Al ұшуын уақытша тоқтатты; авиакомпанияның әрі қарай жұмыс істеуі екіталай болып тұр
Салынған уақыты 24.07.2020 11:23
Израильдің флагмандық El Al Israel Airlines авиакомпаниясы Қаржы министрлігімен оған 400 млн АҚШ доллары көлемінде мемлекет кепілдік берген несие беру мәселесі бойынша келіссөздердің ұзаққа созылуына байланысты барлық ұшуларды орындауды белгісіз уақытқа тоқтатты.
Ұшу қызметін тоқтату туралы жаңалық үш айлық кезең үшін 140 млн долл. мөлшерінде таза шығын көрсеткен El Al авиакомпаниясының I тоқсандағы қаржылық нәтижелерін жариялағаннан кейін пайда болды.
Сарапшыларды тасымалдаушының әрекеті қаржылық көмек алу мақсатында мемлекетке көрсеткен қысымы ма немесе оның қызметін тоқтатуға шын мәнінде дайын екендігі ме деген сұрақ мазалауда. Премьер-Министр Биньямин Нетаньяху бұған дейін Қаржы министрлігіне авиакомпанияның құлауына жол бермеуді тапсырған болатын.
1172