Дубай әуежайы халықаралық саяхатшылар үшін толықтай ашық
Салынған уақыты 23.07.2020 10:26
Дубай халықаралық әуежайы (IATA коды: DXB) — Emirates авиакомпаниясының базалық әуежайы 7 шілдеде халықаралық рейстерге қызмет көрсетуді қайта бастады, деп хабарлайды АТО порталы. Барлық жолаушылардан келгенге дейін 4 күн бұрын берілген COVID-19-ға ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы анықтама ұсыну талап етіледі.
Сондай-ақ, БАӘ-де болған барлық кезеңде коронавирустан емделуді өтейтін туристік сақтандыруды ресімдеу ұсынылады. Олай болмаған жағдайда тест ұшып келген кезде тапсырылып, оң нәтиже болған жағдайда оқшаулағышта тұру ақысын төлеп, 14 күн карантинге қалады, сондай-ақ қажет болған жағдайда емделуге ақы төлеуге дайын болады. Әуежай келген жолаушылардың температурасын өлшеуді қосымша жүргізеді.
«Қазіргі уақытта Emirates Дубай әуежайынан 40 бағыт бойынша рейстерді орындауда және енгізілген шаралардың арқасында жолаушыларға жақын арада хабарланатын қосымша маршруттар ұсына отырып, бізде маршруттық желіні кеңейту мүмкіндігі пайда болды», — деп түсініктеме берді Emirates төрағасы Ахмед бин-Саид аль-Мактум. Оның айтуынша, авиакомпания соңғы аптада барлық бағыттар бойынша трафиктің тұрақты өсу үрдісін байқап отыр. «Келесі бірнеше апта барлық авиация саласы үшін көптеген параметрлер бойынша тексеру кезеңі болмақ», - деп мойындады ол.
1244