Lufthansa акционерлері мемлекеттік көмек пакетін қабылдауды мақұлдады
Салынған уақыты 22.07.2020 16:10
Deutsche Lufthansa AG акционерлері Мемлекеттік экономикалық тұрақтылық қорынан 9 млрд еуро көлемінде қаржылық көмек пакетін қабылдауға дауыс берді. Компанияның баспасөз хабарламасында айтылғандай, тиісті ұсыныс кезектен тыс жиналыста қажетті көпшілік дауысты, яғни үштен екіден астам дауысқа ие болды деп жазады Интерфакс - Қазақстан.
Бұған дейін Еурокомиссия (ЕК) Германия үкіметі ұсынған қаржылық көмек пакеті шеңберінде Lufthansa-ны қайта капиталдандыруға 6 млрд еуро бөлуді мақұлдаған болатын. Бұл пакетке сондай-ақ 3 млрд еуро несие бойынша мемлекеттік кепілдік кіреді, оны ұсыну жеке тәртіппен қаралады. ЕК атап өткендей, бұл «елеулі қолдау көлемі» Lufthansa авиациялық секторға қатты соққы жасаған коронавирус пандемиясынан туындаған ағымдағы дағдарысты жеңуге көмектеседі.
Сонымен қатар, Lufthansa UFO бортсеріктерінің тәуелсіз кәсіподағымен COVID-19 пандемиясына байланысты дағдарыстық шаралар пакеті туралы келіскені белгілі болды. Осы шаралардың арқасында компания дағдарыс кезеңінде 22 мың жұмыс орнын қысқартуды болдырмайды.
1203