ruenkz

АҚШ-та Boeing 737 MAX лайнерінің тестілік сынақтары басталды

Салынған уақыты 20.07.2020 11:13

29 маусымнан бастап Boeing 737 MAX әуе лайнерінің тестілік сынақтары басталды. Америкалық авиаконцерн бірнеше күн бойы қажетті маневрлерді пысықтап, басқару жүйесінің жаңа өзгерістерін сынауды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы авиация саласындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.

Тестілік ұшу күндері АҚШ Азаматтық авиациясының федералдық басқармасында келісіліп, мақұлданғаны белгілі. Сынақ барысында ұшқыштар автоматтандырылған басқару жүйесі мен әуе кемесінің маневрлігін қамтамасыз ететін жүйедегі өзгерістерді бағалайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сынақ ұшуларының сәтті нәтижелері кезінде лайнерлердің пайдалануға қайтарылуы тек ағымдағы жылдың соңына қарай ғана мүмкін болады.

1028