ruenkz

Соңғы Gulfstream G550 сатылды

Салынған уақыты 16.07.2020 11:13

АТО порталы хабарлағандай, Gulfstream Aerospace корпоративтік класты ұшақтарды өндіруші Gulfstream G550 соңғы бизнес-джеттің сатылғаны және ұзаққа ұшатын large-cabin класының иконасына айналған осы модельдің өндірісін тоқтатқаны туралы жариялады. Соңғы коммерциялық G550 Тапсырыс берушіге 2021 жылы тапсырылатын болады.

АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) стандарттары бойынша сертификаттау және 2003 жылы пайдалануға берілген сәттен бастап американдық авиақұрылысшы каталогтық құны 54,5 млн АҚШ доллары болатын 600-ден астам G550 ұшағын (сондай-ақ моделі GV- SP ретінде белгілі) жеткізді. Бұл модель 2000 жылы жарияланды және ол ұшу ақпаратын визуализациялау функционалы бар Gulfstream PlaneView борттық кешені үшін алғашқы платформа болды. 2003 жылы ұшақ «АҚШ-та аэронавтика саласындағы үлкен жетістіктері» үшін берілетін беделді Robert J. Collier Trophy сыйлығына ие болды.

Gulfstream көптеген пайдаланушыларға G550 үшін қосалқы бөлшектерді өндіруді және жеткізуді және операторларды бүкіл әлемде орналасқан 30-дан астам қызмет көрсету орталықтарының желісі арқылы қолдауды жалғастыратынын айтты. G550 орнына 58,5 млн АҚШ доллары тұратын Gulfstream G600 келді. 2014 жылы ұсынылған модель
2019 жылғы маусымда үлгі сертификатын алды, алғашқы жеткізілім сол жылдың тамызында жүзеге асырылды.

1105