ruenkz

Авиация саласының дамуының негізі - мемлекеттің орнықтылығы

Салынған уақыты 26.02.2026 15:12

Жаһандық технологиялық трансформация мен тұрақты сыртқы сын-қатерлер жағдайында авиация саласының қауіпсіздігі мен дамуы озық инженерлік шешімдерді ғана емес, мемлекеттік жүйенің мызғымас орнықтылығын да талап етеді.

Жүйелерді технологиялық жаңарту және түбегейлі модернизациялау туралы шешімдер реттеуші ортаның тұрақтылығы, азаматтардың қауіпсіздігі және мемлекеттік саясаттың айқындылығын басты факторлар болып табылатын кезде қабылданады.

«Қазаэронавигация» РМК үшін институционалдық орта аса маңызды. Жоғары технологиялық аэронавигациялық инфрақұрылымға күрделі қаржы салу көп жылдарға алдын-ала жоспар құруды талап етеді.

Жаңа Конституцияның жобасы дәл осындай құқықтық негізді қалыптастырады. Онда адам құқықтары мен технологиялық суверенитеттің басымдығы нық белгіленеді. Бұл ережелер нормативтік айқындылықтың іргетасын қалайды. Мемлекеттік институттардың есеп беруін күшейту заңдардың сапасын арттырады және реттеудегі күрт өзгерістер тәуекелін төмендетеді. Балансталған билік жүйесі мемлекеттік саясатты дәйекті етеді, бұл стратегиялық сала үшін өте маңызды.

Алайда мемлекеттің дамуы тек құқықтық нормаларға ғана байланысты емес. Оның негізінде әрдайым Еңбек адамы жатыр.

Біздің салада ең алдымен күн сайын миллиондаған жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін авиадиспетчерлер, инженерлер, метеорологтар қызмет етеді. Олардың біліктілігі, жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі елдің айқын тұрақтылығын қалыптастырады.

Біздің міндеттеріміздің ауқымы ондаған жылдарға жоспарлауды талап етеді және жаңа Конституция жұмсалған күш-жігерді қорғауға қажетті сенімділікті береді. Қуатты аэронавигациялық жүйе елдің транзиттік әлеуетін, ал орнықты әлеует қуатты экономика мен қуатты Қазақстанның негізін қалыптастырады.

«Қазаэронавигация» РМК бас директоры         

Ф. Богдашкин

 

18