ӘЛЕМДІК ӘУЕ ТАСЫМАЛЫ НАРЫҒЫ 2025 ЖЫЛЫ
Салынған уақыты 16.02.2026 11:29
2025 жылы әлемдік жолаушылар авиатасымалы нарығы пандемиядан кейін қалпына келуін жалғастырды, бірақ 2024 жылғы белсенді қалпына келу үрдісімен салыстырғанда, өсу қарқыны баяулады. Бәрін қосқандағы жолаушылар айналымы (Revenue Passenger Kilometers, RPK) 5,3%-ға ұлғайды, ал тасымалдау қуатының көлемі (Available Seat Kilometers, ASK) 5,2%-ға өсті. Ұсыныстан сұраныстың аздап артық болуы креслоларды толтырудың 83,6% деңгейіндегі рекордтық орташа жылдық коэффициентіне (Passenger Load Factor, PLF) қол жеткізуге мүмкіндік берді, бұл қуаттарға қатысты орын алған шектеулерді көрсетеді, ал олар ішінара әуе кемелерін жеткізудегі кідірістірмен байланысты.
Жолаушы ағыны барлық аймақтарда артты, бірақ өсім қарқыны айтарлықтай айырмашылықтар көрсетті. Африкалық авиакомпаниялар (+9,4% жылдық өсім) мен Азия-Тынық мұхит аймағының тасымалдаушылары (+7,8%) көшбасшы болды, әрі соңғысы негізгі жаһандық сұраныс көздерінің бірі ретіндегі мәртебесін бекітті. Латын Америкасы, Кариб бассейні және Таяу Шығыс авиакомпаниялары да саладағы орташа көрсеткіштен жоғары деңгейді көрсетті. Еуропалық тасымалдаушылар әлемдік орташа деңгейде (+5,3%) өсті, ал Солтүстік Америка жылына +0,4% көрсеткішімен айтарлықтай артта қалды.
Азия-Тынық мұхит аймағы жаһандық әуе сұранысын қалыптастыруда басты рөл атқаруды жалғастыра береді. Өсу қарқыны 2024 жылмен салыстырғанда қалыпқа келгеніне қарамастан, өңірдегі халықаралық жолаушы тасымалы +11,9% өсті, бұл осы маршруттық нарықты әлемдегі ең тез өсіп келе жатқандардың қатарына қойды. Өсы аймақтың Қытай, Жапония, Вьетнам, Индонезия және Үндістан тәрізді ірі нарықтардың өсуі белсенді сұранысқа байланысты болды.
Өңір тасымалдаушылары қысқамерзімді динамикада да маңызды рөл атқарды: 2025 жылғы желтоқсан айында олардың үлесі жаһандық таза жолаушы тасымалы өсімінің шамамен 40%-ын құрады. Негізінен халықаралық тасымалдардың (+7,5%) есебінен жалпы RPK жылына +6,3% өсті. Қуаттардың өсуі сұраныстың өсуіне сәйкес келіп, бұл орын толтырылу коэффициентін әлемдік орта мәнге жақын, яғни шамамен 83,6% деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді.
Өңірдегі көрсеткіштер біркелкі емес. Мысалы, желтоқсан айында Қытай мен Жапония арасындағы жолаушы ағыны геосаяси шиеленістің жалғасуына байланысты 34%-ға күрт төмендеді. Сол уақытта Азия–Еуропа және Азия–Таяу Шығыс арасындағы ұзақ қашықтықтағы маршруттар қос таңбалы көрсеткішке өсіп, туризм, сауда және бизнес қызметімен байланысты халықаралық тасымалдауға тұрақты сұраныстың бар екенін көрсетті. Азия мен Солтүстік Америка арасындағы бағыттар қалыпты өсімді көрсетіп, транс-тынықмұхиттық сұраныстың біртіндеп тұрақтанғанын білдірді.
Сарапшылардың пікірінше, әлемдік авиация үшін 2025 жыл жылдам қалпына келуден тұрақты әрі құрылымдық жағынан теңдестірілген өсім траекториясына өту кезеңі болды. Азия-Тынық мұхит аймағы үшін бұл геосаяси тәуекелдерге, қуаттарды басқару мәселелеріне және өңірдегі елдердің экономикалық жағдайындағы айырмашылықтарға сезімталдық артқан кезеңде жаһандық нарықтың негізгі қозғаушы күші рөлін сақтай білу дегенді білдіреді. Алайда, осы факторларға қарамастан, аймақтың көлемі, демографиялық үрдістер және халықаралық байланыстың кеңеюі оны ұзақмерзімді перспективада әлемдік авиацияның негізгі тіректерінің бірі етеді.
13