Қатаң карантин кезінде Қазақстан ішіндегі барлық авиарейстер сақталады
Салынған уақыты 14.07.2020 10:30
Tengrinews.kz. тілшісі хабарлағанай, «Қазақстанның авиакомпаниялары қатаң карантин кезінде іске қосылған барлық әуе рейстерін сақтайды» - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.
«Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес ішкі авиарейстер толық көлемде сақталады. Бүгінгі таңда 45 бағыт бойынша ішкі рейстер, аптасына 500 рейс, күніне 71 рейс атқарамыз. Олардың барлығы сақталады және кесте бойынша орындалады», - деп хабарлады ОКҚ брифингінде Ластаев.
Халықаралық бағыттарға келетін болсақ, Ластаев Ведомствоаралық комиссия рұқсат берген бұрын мақұлданған рейстердің орындалатынын нақтылады.
«Бүгінгі таңда екі бағыт бойынша – Түркия мен Оңтүстік Кореғая халықаралық рейстер орындалуда. Алайда, кеше біз Түркияда тұруға рұқсаты бар және жұмысқа рұқсаты бар азаматтарды қоспағанда, бүгінгі күннен бастап Қазақстан азаматтарының Түркияға келуі шектелетіні туралы ресми хабарлама алдық. Қалған барлық азаматтарға кіруге шектеу қойылады», - деді ол.
1114