13 шілде - Жалпыұлттық аза тұту күні
Салынған уақыты 13.07.2020 12:07
Бүгін бүкіл ел коронавирус пандемиясының құрбаны болған қазақстандықтар бойынша аза тұтуда деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
13 шілде Президенттің шешімі бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Дәл түн ортасында бүкіл республика бойынша, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарында мемлекеттік тулар түсірілді. Қаралы күні ойын-сауық шаралары тоқтатылады, республикалық телеарналар эфирінде ойын-сауық бағдарламалары көрсетілмейді. Бүгін мешіттерде құран бағышталып, дұға оқылады. Шіркеулерде құдайға құлшылық ету мен панихидалар өтеді. Айта кетейік, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда ұлттық аза тұту тоғыз рет жарияланды.
Жалпыұлттық аза тұту күні коронавирус пандемиясының құрбаны болған қазақстандықтар үшін астананың уақыты бойынша сағат 12.00-де бүкіл ел бойынша бір минут үнсіздік жарияланатын болады.
1228