Airbus пандемияның салдарынан 15 мың қызметкерін қысқартады
Салынған уақыты 10.07.2020 11:20
Жаңа авиатехникаға деген сұраныс түскен пандемиядан кейінгі жаңа нарық жағдайына бейімделе отырып, Airbus 15 мың жұмыс орнын қысқартады, бұл бүкіл штат кестесінің 11%-ын құрайды, деп хабарлайды АТО порталы.
«Бұл дағдарыс авиация саласына түсен ең ауыр дағдарыс болды», — деді Airbus бас директоры Гийом Фори жақында өткен телеконференция барысында. Оның айтуынша, компания басшылығы қысқамерзім ішінде түскен ауыртпашылықты жеңілдету үшін қолдан келгеннің барлығын жасап, ұзақмерзімді салдарды бағалауды кейінге қалдырды. Оның айтуынша, дағдарыстың алғашқы айларында қабылданған мемлекеттік қолдауды, ақы төленбейтін демалыстарды және т.б. қоса алғанда, бірқатар шаралар болмаса, жағдай айтарлықтай ауыр болуы мүмкін еді. Фори атап өткендей, коммерциялық авиация бөлімшесінде 90 мың адам жұмыс істейді және бұл сегмент бизнестің 40%-ын жоғалтты; бұл ретте жұмыс орындарының тек 16%-ы ғана қысқартылады.
Болашақта сұраныс қалпына келеді деген үмітпен Airbus 2022 жылдан кейін талап етілетін қызметкерлерді барынша сақтап қалуға тырысады. Сондықтан жалақының елеулі бөлігін мемлекет пен ЕО өтейтін ішінара жұмыспен қамту схемасы өндіруші арсеналында қала бермек. Персоналдың дағдыларын қолдау үшін мамандарды ротациялауды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
1300