ruenkz

IATA 2020 жылды авиация тарихындағы ең күрделі жыл деп атады

Салынған уақыты 07.07.2020 10:44

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік авиацияны күтіп отырған рекордтық шығын туралы хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша шығындар шамамен 84 млрд долларды құрайды. Бұл туралы ТАСС ақпараттық агенттігі IATA баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап жазады.

Қауымдастық басшысы Александр де Жюньяк атап өткендей, авиация саласы күн сайын 230 млн доллар шығынға ұшырайды. Алайда, IATA-да CОVID-19 пандемиясына байланысты авиация үшін ең ауыр кезең артта қалды деп болжайды, сондықтан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) ұсыныстарын ескере отырып, әуе қатынасын біртіндеп қалпына келтіруді бастауға болады.

Бұрын ICAO дағдарыс кезінде авиация саласын қалпына келтіруге көмектесетін арнайы жұмыс тобын құрды. Жаңа уәкілетті орган коронавирустық инфекция аясында күрделі эпидемиологиялық жағдайларда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқаулықты әзірледі.

1118