Lufthansa пандемияның жаңа толқыны орын алған жағдайда барлық туристерді тегін қайтаруға уәде берді
Салынған уақыты 02.07.2020 09:23
Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымы Lufthansa бас директоры Карстен Шпор авиакомпанияның барлық клиенттеріне пандемияның жаңа толқыны орын алған жағдайда оларды отанына тегін қайтаруға уәде бергенін, «Ешкім де ұмытылып, қалып қоймайды», - деп сендіргенін жазады.
Lufthansa пандемияға байланысты шетелден кері қайту билеттерін жоғалтып алған жолаушыларға арналған Home-Coming-Guarantee бағдарламасын таныстырды. Оның аясында шетелде жүрген коронавирус белгілері бар жолаушылар карантинге қойылады, ал егер келген елде инфекцияны жұқтырудың жаңа толқыны тіркелген жағдайда Lufthansa өз клиенттерін тегін алып шығады.
Қазіргі уақытта тасымалдаушы ұшақтарының борттарында міндетті түрде бетперде киіп жүру, ауаны желдету жүйелерімен тазарту және т. б. қауіпсіздіктің ең жоғары шаралары қолданылады.
1204