Үндістанның азаматтық авиациясының бас басқармасы жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа талаптар шығарды
Салынған уақыты 24.06.2020 08:37
Ведомство барлық авиакомпанияларды ортаңғы қатардан орын алатын жолаушыларға халат түріндегі арнайы қорғаныс құралдарын ұсынуға міндеттеді, деп жазады Simple Flying басылымы.
Хабарламада айтылғандай, жаңа енгізілім Үнді әуетасымалдаушыларына әр рейсті барынша толықтыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін COVID-19 салдарынан компанияның барлық ортаңғы орындары бос қалды, бұл тасымалданған жолаушылар санын айтарлықтай төмендетті. "Біз авиация саласының өкілдерімен және денсаулық сақтау саласының сарапшыларымен тасымалдаудың жаңа мүмкіндіктерін талқыладық. Менің ойымша, мұндай күрделі уақытта бұл әуе сапары кезіндегі қорғаныстың жақсы нұсқасы", — деді IndiGo бас директоры Ронохой Датта.
Айта кету керек, Үндістандағы авиатасымалдаушыларға коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында басқа да қауіпсіздік талаптары белгіленген. Авиакомпаниялар экипаж мүшелері мен өз клиенттерін қорғаныс бетпердесімен және қолға арналған дезинфекциялау құралымен қамтамасыз етуге міндетті, ұшу кезінде тамақ немесе ауыз суды (адамның денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларда ғана) таратуға рұқсат етілмейді. Рейс кезінде ауаны тазарту жүйесінің мүмкіндігіне қарай салондағы ауа жиі тазартылуы тиіс, дәретхана бөлмелері үнемі дезинфекциялануы керек.
1055