Қазақстанда халықаралық әуе қатынасы үш санатқа бөлінді
Салынған уақыты 24.06.2020 08:23
Қазақстанның авиациялық билігі коронавирусты жұқтыру қаупі деңгейі бойынша халықаралық әуе қатынасын үш санатқа бөлді. Бұл республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жасалған шара.
Бірінші санатқа Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия және Таиланд кірді. Осы елдерден келген барлық жолаушылар сауалнама толтыратын болады. Екінші санатқа Түркия ғана кірді.
Екінші топтағы жолаушылар коронавирусқа талдау жасауға міндетті. Анықтама болмаған жағдайда оны ұшып келгеннен кейін екі тәулік ішінде жасау қажет.
1110