ruenkz

Еурокомиссия Арменияға шектеулер қойды

Салынған уақыты 23.06.2020 08:43

Арменияның әуе тасымалдаушылары Еурокомиссияның қара тізіміне кірді. Енді республиканың барлық авиакомпанияларына Еуроодақ елдеріне ұшуға тыйым салынған, деп хабарлайды АТО порталы.

Еурокомиссия ЕО Әуе қозғалысының қауіпсіздігі тізімін жаңартты (EU Air Safety List). Енді бұл тізімде пайдаланушы сертификаты бар барлық армян компаниялары (AOC; Air Operator Certificate) көрсетілген. Олар: Armenia, Armenia Airways, Atlantis Armenian Airlines, Armenian Helicopters, Atlantis European Airways және Mars Avia. Сонымен қатар, Skyball-дың бір операторы. Армян тасымалдаушыларынан шектеулерді алып тастау туралы мәселе 2022 жылғы қарашада талқылануы мүмкін.

"ЕО Әуе қозғалысы қауіпсіздігінің тізімі онда көрсетілген авиакомпаниялар мен елдерге өзінің ұшу стандарттарын қайта қарап, жақсартуға көмектесетін құрал ретінде қолданылуы тиіс. Армян тасымалдаушыларын тізімге енгізу туралы шешім Ұшу қауіпсіздігі комитетінің бірыңғай пікірі негізінде қабылданды. Комиссия Еуропаның әуе тасымалы қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінің (EASA) қолдауымен бірлесіп жұмыс жасауға және ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін Арменияны инвестициялауға дайын", — деп атап өтті ЕО көлік жөніндегі комиссары Адина Валеан.

202