Өскемен қаласының әуежайында метеорологиялық радиолокаторды орнату бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды
Салынған уақыты 19.06.2020 15:25
«Қазаэронавигация» РМК жүргізіп жатқан қос полярлы метеорологиялық радиолокаторлар (ДМРЛ) орнату бойынша жұмыстар шеңберінде Өскемен қаласының әуежайында Өскемен филиалында ДМРЛ-С метеорологиялық радиолокаторын орнату бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.
Кәсіпорынның инвестициялық жоспарына сәйкес берілетін метеорологиялық ақпараттың сапасын арттыруды қамтамасыз етуге қабілетті С-диапазонды қазіргі заманғы доплерлік метеорологиялық радиолокатор орнатылған.
Радиолокациялық метеорологиялық бақылау бойынша негізгі шығыс ақпарат бұлттылық пен жауын-шашын алаңдарының орналасқан жері, ішкі құрылымы, метеорологиялық сипаттамалары (метео көріністердің түрі, жауын-шашынның қарқындылығы, бұлттылықтың жоғарғы шекарасы, доплерлік жылдамдығы) туралы ақпаратты, сондай-ақ ауа райын қысқа мерзімде болжауға мүмкіндік беретін олардың орын ауыстыруы мен эволюциясын бақылауды қамтиды.
3918