ruenkz

Boeing концерні 737 MAX ұшағының өндірісін жаңғыртады

Салынған уақыты 19.06.2020 11:40

27 мамыр күні Boeing концерні 737 MAX моделі ұшағын шығаруды қайта бастайтыны белгілі болды. Корпорацияның баспасөз қызметінің айтуынша, әуе лайнерін шығару «біртіндеп көбейтіліп отырады». Сондай-ақ, Boeing жаңа ұшақтарда барлық «қателер мен кемшіліктер» ескерілгенін атап өтті. Енді олардың әуе кемелері одан да қауіпсіз әрі сапалы болмақ. Бұл туралы «Боинг» компаниясының ресми сайтында хабарланды.

Боинг концерні 737 MAX ұшақтарын өндіруді жолаушылардың өліміне әкеп соққан екі апаттан кейін тоқтатқан болатын. Эфиопия мен Индонезиядағы апаттардан кейін авиатасымалдаушылар жаңа әуе кемелерін сатып алудан бас тарта бастады, ал әуе кемелерін шығару 2020 жылдың қаңтарында тоқтады. Алайда, Boeing олардың өнімдері мен сапасының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған оннан астам бастама жүзеге асырылғанын мәлімдеп отыр.

Қазіргі уақытта Boeing компаниясы ұшақты қайта аттестаттаумен айналысуда. АҚШ-тың федералдық авиациялық басқармасы ұшақ құрылымын бекіту процесін қатаңдату бағытында жұмыс істейді. Boeing 737 MAX қайта сертификаттау процесі әлі де жалғасуда. Алайда корпорацияда барлығы оптимистік күйде. Дегенмен де, Боинг бірқатар проблемаларға тап болуы мүмкін. Коронавирус пандемиясына дейін авиакомпаниялар ағымдағы Boeing 737 MAX ұшағына берген тапсырыстардан бас тартқан болатын. Сала сарапшыларының айтуынша, тасымалдаушылардың табысы өткен жылдың деңгейіне дейін қайта қалпына келмейінше, олардың арасында өз флотына жаңа әуе лайнері үлгілерін енгізу тәуекеліне бара қоятындары кемде кем.

3178