Қазақстан мен Әзірбайжан әуе рейстерін қайта жаңғыртуды кейінге қалдырды
Салынған уақыты 17.06.2020 17:10
Бұл Әзірбайжандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты.
Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі 1 шілдеден кейін қаралады, деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
«Әзірбайжандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Әзірбайжан тарапы халықаралық рейстерді орындауға тыйым салуды 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартты.
Осыған байланысты Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі көрсетілген күннен кейін қаралатын болады», - делінген хабарламада.
3582