Korean Air жолаушылар бағажын бақылау бойынша жаңа қызметті іске қосты
Салынған уақыты 17.06.2020 14:08
1 маусымнан бастап Korean Air авиакомпаниясы багажды қадағалау бойынша жаңа қызмет көрсете бастады. Енді кореялық тасымалдаушы жолаушыларға олардың багажын ұшаққа тиегеннен кейін хабарлама жібереді. Бұл туралы Simple Flying басылымы айтады.
Жүкті тиеу туралы хабарлама туристің мобильді құрылғысына келеді екен. Korean Air клиенті шамамен осындай мазмұндағы мәтінмен хабарлама алады: "Сіздің KE123456 сөмкеңіз Нью-Йоркке (JFK) ұшатын KE082 рейсіне тиелді". Бағдарлама мынадай түрде жұмыс істейді: арнайы қызмет багажды тексеру жүйесінен (BRS) алынған ақпаратты талдайды және тіркеу мен жүктеу барысында сканерленген штрих-кодтар туралы ақпаратты салыстырады. Қандай да бір сөмкенің штрих-коды тиеу аймағы арқылы өткен кезде жолаушыға push-хабарлама жіберіледі.
Алайда, жаңа қызметтің кейбір шектеулері бар. Сервис әзірше Инчхон әуежайынан Korean Air халықаралық рейстерінде және push-хабарлама функциясы қосылған Korean Air мобильді қосымшасы орнатылған Skypass артықшылықтар бағдарламасының қатысушылары үшін ғана қолжетімді. Бірақ, тасымалдаушының баспасөз қызметінде атап өткендей, Korean Air жақын арада әлемдегі басқа да әуежайларда жаңа қызметті енгізуге ниетті.
3220