ruenkz

Түркістандағы әуежай 2020 жылы ісске қосылатын болады

Салынған уақыты 16.06.2020 10:21

Түркістанда 2020 жылы халықаралық әуежайды іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы Tengritravel.kz хабарлайды. Бұған дейін белгілі болғандай, терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 миллион жолаушыны құрайды. Объектіні пайдалануға беру 2020 жылдың соңына жоспарланған.

2019 жылдың мамыр айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Turkistan International Airport құрылысы орнында капсула салу рәсіміне қатысты. Әуе айлағын салуды YDA Holding түрік компаниясына тапсыру жоспарланған, жұмсалатын инвестициялардың көлемі 70 миллионнан астам долларды құрайды.

Түркістандағы жаңа халықаралық әуежайды іске қосудан басқа, Өскемендегі әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жоспарда бар. Бейбіт Атамқұлов Шымкент әуежайының құрылысын жалғастыру және Орал әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту жоспарланып отырғанын айтты. Қаржы бөлінген жағдайда министрлік Үржар және Үшарал қалаларындағы әуежайлардың тағы екі ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды бастайды.

3648