Қазақстан халықаралық авиарейстерді 20 маусымнан бастап қайта іске қосады
Салынған уақыты 15.06.2020 10:09
Қазақстан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық ұшуларды кезең-кезеңімен бастап келеді, деп Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылдың 20 маусымынан бастап Түркияға алғашқы рейстерді іске қосу жоспарланып отыр, деп түсіндірді ИИДМ.
Халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және әрбір маршрутта әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалатын болады.
Рейстер мен билеттерді сату әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып тасталуына және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады.
Мамыр айының соңында Азаматтық авиация комитеті бірінші кезеңде тәуекел деңгейі төмен елдермен – Қытай, Оңтүстік Корея және Әзірбайжанмен әуе қатынасын қайта жаңарту мәселесі пысықталатынын, екінші кезеңде Түркия, БАӘ, Германия, Таиланд және Чехияға ұшуларды қайта бастау жоспарланғанын хабарлаған болатын.
3815