ruenkz

Turkish Airlines ұшуды жалғастыруды жоспарлап отыр

Салынған уақыты 12.06.2020 17:02

Turkish Airlines түрік авиакомпаниясы маусым айында халықаралық және ішкі әуе рейстерін жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы авиатасымалдаушының сайтында хабарланған деп жазады РБК.

4 маусымнан бастап ішкі әуе қатынасы, ал 10 маусымнан бастап халықаралық байланыс ашылады.

Компанияның директорлар кеңесінің басшысы Илькер Айджи жолаушыларға салонға қол жүгін кіргізуге тыйым салынатынын мәлімдеді. Алайда, багаждың осы түріне есептелген 8 кг багаждың негізгі салмағына қосылады. Түріктің Sabah басылымының хабаралуынша, қол сөмкелерді ұшаққа алып кіруге рұқсат етіледі.

Түркия 28 наурызда коронавирустың таралуына байланысты халықаралық қатынасты толығымен тоқтатқан болатын. 16 мамырдан бастап Түркия 31 елдің азаматтарына медициналық мекемелерде емделуден өту үшін елге кіруге рұқсат берді.

3320