Boeing 2,5 мың қызметкерді ақысы төленбейтін демалысқа жібереді
Салынған уақыты 11.06.2020 16:57
Коронавирус пандемиясының әлемдік авиатасымалдарға келтірген зиянының салдарынан Америкалық Boeing авиақұрылыс корпорациясы жоспарланған ауқымды қысқартулардың бірінші кезеңі шеңберінде 2,5 мыңға жуық қызметкерді ерікті ақы төленбейтін демалысқа жібереді. Бұл туралы The Wall Street Journal кәсіподақ өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен айда компания 160 мың қызметкерді құрайтын штатты осы жылы лайнер өндірісінің төмендеуі аясында шамамен 10%-ға қысқартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.
Бұл компания үшін 2017 жылдан бергі алғашқы ірі қысқарту болады. Ол кезде ауқымды шығыстарды қысқарту бағдарламасының аясында шамамен 1,5 мың қызметкерді жұмыстан босатқан болатын.
Сондай-ақ, Boeing өзінің жылдам өсіп келе жатқан сервистік бөлімшесінде жұмыс орындарын қысқартады деп күтілуде, себебі авиакомпаниялар ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектер шығыстарын өздерінің орталық корпоративтік кеңселерінде де қысқартады. Boeing компаниясының еуропалық бәсекелесі Airbus SE де шығындарды төмендету шаралары аясында жұмыс орындарын қысқартуды жоспарлап отыр. Ұшақ өндірушілердің екеуіне де қозғалтқыштар мен басқа да бөлшектерді шығаратын General Electric Co. мыңдаған жұмыс орындарын қысқартады.
3216